Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды бау егу ісі қарқын алып, жалпы аумағы 2000 гектарға жеткізу көзделіп отыр. Осы ретте Ордабасы ауданына қарасты «Green town south» ЖШС-нің де қосар үлесі де аз болмауы тиіс.
Аудандағы «Сейтбек әулеті» мен «Бастау фарм» ЖШС—ның өндіріс орындары фармацевтикалық қызметпен, дәрілік өсімдіктерді және оның шикізаттарын дайындаумен айналысады. Жылдық көлемі 3 мың тонна болатын дайын өнімдерді ішкі және сыртқы нарыққа экспорттап отырған жобаның құны 1 200, 0 млн. теңгені құрайды. Мұнда бүгінде 40 адам жұмыспен қамтылған.
Ал «Онтинур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2,1 гектарға орналасқан жылыжайы «Казагроқаржы» АҚ арқылы қаржыланған бұл жобаның жалпы құны 143 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы аудан бойынша бүгінде 68,45 гектарда 84 жылыжай орналасқан.
«Green town south» ЖШС 16,5 гектарға қарқынды бау егуді жүзеге асыруда. Ауданда интенсивті бау көлемін арттыру ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда аталмыш бауда алманың «Голден Делишес», «Роял Гала» сұрыптары егіліп, баптауға алынған. Кешендегі құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында толығымен аяқталмақ. Егер жоба толық қуаттылығына көшсе, мұнда жылына 1000 тонна жеміс жиналатын болады. Жобалық құны 140 млн. теңгені құрайтын бау кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Ордабасы ауданында бүгінгі таңда қарқынды бау 452 гектарға жетті.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі