Оңтүстік Қазақстан облысындағы шет елдік туроператорларға арналған тур бес күнде аяқталды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік бағдарламаны әлемдік деңгейге көтеру туралы Шымкент «Ontustik Tourism Center» туристік орталығында Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің туристерімен инфотур өткізілді.
Жанар Касеин
Ең бірінші атап өткім келетіні қала мен ойлағанан үлкен екен. Мәдениеті өте дамыған. Облыстың адамдары өте мейірімді және қонақжай екен. Мені табиғаты таң қалдырды. Мен бірінші кезекте «Шымкент өзінің таза табиғатына шақырады» атты мақала жаздым. Облысты танып білген соң мен өз тарапымнан көптеген туристерді жіберемін деп уәде беремін.Бес күн аралығында шет елдік туроператорлыр Оңтүстік Қазақстандағы 3 маңызды туристік бағыттармен танысты: зиярат орындарымен,емдік-сауықтыру және экологиялық жерлермен.
ЖабмыМамажанова: «Әдемі қала екен бес жұлдызды қонақ үйлер, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуімен кең әрі таза көшелерімен ұнады. Бұл- Шымкент жайлы. Ақпараттық тур жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бағдарлама барлық жағынан қарастырылған».
Оңтүстік Қазақстанның туризімді дамытуда әлеуеті жоғары. Ақпараттық тур бітетін күні дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстанға келген қонақтар туроператорларымен кездесіп барлығы өздерінің әсерлерімен бөлісті. Нәтижесінде ынтымақтастықты жалғастыру туралы он келісімге қол қойылды.