Туристік индустрияның жоғары деңгейде дамуын ескере отырыпОңтүстік Қазақстан облысында “Ontustik Tourism Center” туристік ақпараттық орталығы гид-экскурсоводтарға арнап Шымкентте тегін семинар-тренинг ұйымдастырды. Ол жерде облысымыздың қазіргі таңда экскурсовод қызметін атқарып жүрген немесе осы өсіп келе жатқан салада болашақта өзін маман ретінде көргісі келетіндер қатысты.
Гид – шығармашылық мамандық, ол осы салада жұмыс жасайтындардан жан-жақтылықты және зерделілікті талап етеді. Гид-экскурсовод мамандығы үнемі жүмыс бабында өсуді талап етеді, себебі жақсы гид әрдайым туристтік компанияларда, жеке кәсіпкерлерге, халықаралық компанияларда сұраныста. Гид мамандығын игергісі келетін жандарға тек облыстың тарихын ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның археологиялық, тарихи дамуын, Ұлы жібек жолын, географияны (ҚР ескерткіштері, өлкетану), еліміздің мәдениетін (этнография, өнер, мәдениет және салт-дәстүрлерді) білуі қажет. Сондай-ақ семинар-тренингтің қатысушылары, адамдардың қалай көңілінен шыға білу, туристер тарапынан теріс және қанағаттанбауына қалай дұрыс жауап қайтару, қонақтарды ұзақ жол кезінде қалай дұрыс уақыт өткізу, және турмаршруттарды қалай дұрыс ұйымдастыру керек екенін үйренді.
Сонымен қатар, тәжірибелі оқытушылар 6 күн ішінде әрбір тыңдаушыны дұрыс дикцияға жаттықтырады. Өйткені, оқытудың негізгі мақсаты – жақсы қызмет көрсету үшін мықты кадрларды дайындау.