Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Алтын адам» фабрикасы бүгінде елімізде ғана емес шетелдерге де танымал. Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жуырда «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы бойынша ауданның белсенді жастары «Алтын адам» фабрикасында болып өндіріс орнының жұмысымен танысты. Мұндағы жұмыс барысымен фабрика директорының орынбасары А.Ким таныстырды.
Аталған экскурсияның басты мақсаты – аудандағы ісі ілгерілеген кәсіпкер азаматтардың іс тәжірибесін кеңінен насихаттау және жастардың кәсіпкерлік саласына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сапар барысында дилерлік қызмет сапасын жақсарту, бизнесті дамытудың қыры мен сыры жайлы кеңінен әңгімеленді. Мәселен «Алтын адам» тігін фабрикасының өнімдері 15 елдің сұранысына ие болып отыр. Мұнда бүгінде 110 адам еңбек етуде. Өндіріс орнында Түркия, Германияның әйгілі фирмаларының тігін машиналарының 20 дан астам түрі бар. Анатолий Кимнің айтуынша бүгінде өндіріс орнына жастарды тарту мәселесі қаралуда екен. Осыған орай Ақсукент ауылындағы колледждердің бірінде тігін ісінің шеберлерін оқыту үшін арнайы курс ашу жоспарланып отыр. Аталған өндіріс орнында тәулігіне 500 костюм шалбар тігіледі. Сұраныс та жоғары. Өндірісі өрге өрлеп келеді. Цехты аралап көрген соң, шараға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауаптар алды. С.АБЫЛБЕКОВА