Жаһандану дәуірінде шекараны шегендеп алып, бейтарап позиция ұстану дамуға бастамайды. Өзге елдермен ақпарат алмасу — маңызды іс. Осы қағиданы негізге алған Франция журналистері облысымызға арнайы келді. Шетелдік тілшілер ОҚО Созақтағы қазақ—француз бірлескен кәсіпорнының әлеуметік салаға көрсетіп отырған қолдауын, кәсіпкерліктің дамуын кең ауқымда насихаттамақ. Қазақ—француз бірлескен «Катко БК» ЖШС—і 1996 жылы құрылды. Бүгінде Созақ ауданындағы Мойынқұм, Төртқұдық уран кен орнын барлаумен және өңдеумен айналысады. Атом өнеркәсібінде өзіндік орнын алған кәсіпорын жергілікті халыққа әлеуметтік көмек те көрсетіп келеді. Бұл компания осы уақытқа дейін Созақ ауданына жалпы сомасы 1 млрд. 89 млн. теңге көлемінде қаржы бағыттады. Мектеп, балабақша салып берді. Мекемеде 1289 қызметкер жұмыс істейді. Оның 52 пайызы — Созақ ауданының тұрғындары. Жерар Фриес — «КАТКО» Қазақ-француз бiрлескен кәсiпорны» ЖШС-нiң бас директоры «КАТКО» Қазақстан-француз бiрлескен кәсiпорны» ЖШС әлем бойынша уран өндіруден 1-орында келеді.Біз Созақ ауданы әкімдігімен және ауыл әкімдерімен бизнестің әлеуметтік бағдарламасы аясында тығыз байланыста жұмыс жасаймыз.Менің басшы болып орналасқаныма 5 жыл болды. Осы 5 жылдың ішінде жастарды Францияға оқуға жіберіп жатырмыз. Жастарға көп сенім артудамыз».Біріккен кәсіпорын жыл сайынғы айтулы мерекелерде Тасты, Шу, Таукент елдімекендеріндегі жалғызбасты аналарға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек беруде. Француздық тілшілер алдағы уақытта көрген-білген, көңілге түйгендерін өздерінің ақпарат құралдарына жариялайтын боламыз,-дейді. Тілшілермен кездескен аудан әкімі Салыхан Полатов жергілікті билік пен халықаралық компания тарапынан екіжақты келісім негізінде атқарылған жұмыстар жайын баян етті. Катко компаниясының басшылығы әлеуметтік салаға әлі де болса, көмек қолын созатынын жеткізді.
НҰРМАХАН Кенжехан