Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге «Zoodel» компаниясы көп жәрдем береді. Әлемдік нарыққа шығу үшін тигізер пайдасы зор. Жергілікті кәсіпкерлерге әлемдік нарықта өз орнын табу үшін халықаралық онлайн сауда алаңының қызметкерлері өз көмектерін ұсынады. Егер кәсіпкерлер онлайн сауда алаңына қызығушылық танытса ертеңгі күні отандық брендтер әлемдік брендке айналуы бек мүмкін. Егер аталған интернет-порталдың қызметін пайдаланса өз тауарын өткізу үшін шетелге барудың қажеті жоқ. Тек қана тіркеліп өзіне қажетті әріптестерді жақсылап іздесе болғаны.
Батырхан Құрмансейіт, ОҚ облыстық кәсіпкерлік, индустриальды— инновация және туризмді дамыту басқармасының басшысы:
«Мүмкіндіктер көп болса, әріптестер де көп. Сондықтан бұл жобаны жаңа мүмкіндік, жақсы мүмкіндік ретінде бағалаймыз» дейді. Компания тек қана онлайн алаң ұсынып қана қоймай, кәсіпкерлерді тауарын қалай дұрыстап экспорттау жөнінде семинар тренингтер өткізеді. Дегенмен бұл қызмет түрі тегін емес, жылына 75-245 мың теңге аралығында. «Zoodel» компаниясы өз жұмысын 2015 жылы Иранда бастаған. Аз ғана уақыттың арасында орасан зор жетістікке жетті. Бүгінде нарықтың 80% еншілеп отыр. Бүгінде 14 мың тауар өндіруші компанияларға тауарын өткізуге көмектесіп келеді. Ал Қазақстанды Орталық Азия елдерінің орталығы ретінде алға шығаруға бейілміз дейді компания өкілдері. Компания өз бизнес семинарын Сарыағаш ауданында өткізді. Одан кейін еліміздің басқа да қалаларында өткізбек.