Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында халықаралық стандартқа сай тағы бір қонақүй пайдалануға берілді. «Aidana Plaza» – қаладағы қонақүй реестрінде 90-шы болып тіркелді. Сыртқы көрінісінің өзі көз тартарлық әсем архитектуралық өрнектермен безендірілген. Бизнес нысаны барлық заманауи талаптарға сай. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы сервис қызметін ұсынады. Бағасы да қолжетімді. Сапасына сай. Әрі қажетті қызметтің бәрі ұсынылады. Қонақүйдің салтанатты ашылу рәсіміне бірқатар танымал кәсіпкерлер, отандық эстрада жұлдыздары қатысты. Оңтүстіктің кәсіпкерлері осындай керемет қонақ үйді тарту етіп отыр. Соңғы әлетте өңірімізге арнайы ат басын бұратын туристердің қатары артып отырғаны белгілі. Аталған қонақ үй де шетелдік қонақтарға мүлтіксіз қызмет көрсететін болады. Шымкентте соңғы жылдары қонақүйлердің қатары артқаны байқалады. Өткен жылғы ақпан айындағы мәлімет бойынша, қалада 58 қонақүй сервистік қызмет көрсететін еді. Бүгінге дейінгі мәлімет бойынша қалада қонақүйлердің саны 90-ға жетіп отыр.
«Aidana Plaza» – бизнес нарығында әлеуеті зор бірден-бір мекеме. 84 бөлмелік қонақүйде барлық қызмет түрі бар. Сондай-ақ, қонақүйде мейрамхана, жаттығу залы, конференц залы да жұмыс істейді.