
Қайырымдылықтың қайыры бар. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында бұған дейін жалдамалы пәтерлерді паналап келген жалғыз басты анаға үй берілді. Әлеуметтің әлсіз тобына мешіт имамдары мен жергілікті кәсіпкерлер көмек қолын созды. Өз үйі, өлең төсегінде қоныс тойын тойлаған көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Үйелмелі-сүйелмелі бес баласымен көшіп-қонудың азабын тартқан Жібек қуаныштан көзіне жас алды. «Үйі жоқтың күйі жоқ» деген рас екен. Соңғы кезде тым жүдеп кеткен едік. Қол ұшын созған азаматтарға алғыстан өзге айтарым жоқ»,- дейді. Кілітті алдым. Халқыма рахметімды айтамын, мен сияқты көп балалы аналарға, жағдайы төмен отбасыларға жұғысты болсын. Бұданда үлкен там соғылсын. Тамның ішіне кіріп қуанып жатырмыз. Балашағам қуанышты. Көпшілікке осыны тиындап жинаған халқыма үлкен рахмет». Көп түкірсе көл… Жалғызбасты қамкөңіл ананың жағдайына мешіт имамдары мен кәсіпкерлер бей-жай қарай алмаған. Жетімін жылатпаған, жесірін жерге қаратпаған ел азаматтары қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырмақшы. Абдукамал Әбдукерім — Арыс қаласының бас имамы «Біреу шифырын берді, біреубасқасын, біреу цементын берді. Кеше мешіттің жамағаты қала имамдары жәрдем берді. Бұның бәрі көппен көрсе көл деп айтады. Осы кісіге нәсіп етіпті үй алу, әр жерде көшіп қонып жұргенде. Кәсіпкерлер қолдап қоштады, Алла разы болсын».
АРАЙЛЫМ Байзахова