Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облсында 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн. теңгеге 18 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған. 2017 жылы 37,1 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды: «Рахат Шымкент» ЖШС өнімнің жаңа түрін – вафельді түтікшелерді шығара бастады. Кәсіпорын жылына 1700 тонна өнім өндіретін болады. Зауытта заманауи оңтүстіккореялық технологиялар қолданылуда. Жаңа құрылғыларға салынған инвестиция көлемі 850 млн. теңгені құрады. «Азия агро» компаниясы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүгері өңдейтін зауытын құрды. Аталған компания құс фермаларын құрама жеммен қамтамасыз ету мақсатында өзі жүгеріні өсіріп, қайта өңдейді. Жобаның жалпы құны 619 млн. теңгені құрады. Созақ ауданының индустриялды аймағында пластмассалық бұйымдар мен қалдықтарды қайта өңдеу арқылы уран өндіретін кәсіпорындарға арналған полиэтиленді құбырларды шығаратын зауыт іске қосылды. Жобаның құны 200 млн. теңгеден асады. Сондай-ақ Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 959 га құрайтын 11 индустриялды аймақ құрылған. Қазіргі уақытта 9 индустриялды аймақтарында (ауданы 699 га) инфрақұрылым тартылған. Бұдан бөлек, в 2 ауданда (Бәйдібек ауданы, Ордабасы ауданы КТИА (Бадам),) инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде (жалпы ауданы 260 га). Бүгінгі күнде облыстың индустриялды аймақтарында жалпы құны 166 млрд. теңгені құрайтын 170 жоба жүзеге асырылуда, онда 10 мың жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. 170 жобаның 67 жобасы іске қосылып, 4 мың жұмыс орындары ашылып, бұл жобаларға 34,8 млрд. теңге инвестиция тартылды.