Оңтүстік Қазақстан облысындағы шифер шығаратын кәсіпорын жылына 2,3 миллион дана шифер өндіреді. «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан «Tectum Enjineering» ЖШС-і шифер өндіретін жалғыз кәсіпорын. Жоба құны 1.9 млрд теңгені құрайды. Зауыт «Хатчек» әдісімен өндіреді. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылған. Ал шығарған өнімдерінің 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, қалғаны Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталады. Аталған аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда. Мұндағы кәсіпкерлердің барлығы да істерін ілгерілетіп, облыс бюджетіне қомақты қаражат құйып отыр. Жыл жылжыған сайын өндіріс орындарының әлеуетін арттырып, өнім көлемін ұлғайтып келеді. Шифер зауыты заман ағымына байланысты өз өнімдерінің өтімділігін арттыру үшін маркеингтік зерттеулер жүргізе отырып, бүгінде шифердің түрлі түстісін шығаруды қолға алған. Бүгінде белгілі заманауи құрылыс материалдарының түрлері көп, қымбат бағалы жабынқыш, профнастил өнімдеріне қызығатындар көп. дегенмен шифердің артышылығын білетіндер одан бас тартпайды. Өйткені шифер қыста суыққа төзімді, ыстықта ыстық өткізбейді. Сондай ақ мал фермасын салатындар темір жабынқыштардан бас тартып, бүгінде тек шифер сатып алады. Шифер зауыты сондай ақ түрлі қосымша өнімдер шығаруды қолға алған. Әрі қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді.