Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Даму» қорының ұйымдастыруымен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалының мәжіліс залында мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен мүмкіндіктерін жастарға түсіндіру және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жастарды шағын және орта бизнеске тарту, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты-ағымдағы жылы бітіретін түлектерді кәсіпкерлікке баулу, кәсіби оқыту және жұмысқа орналастыруға бағыт-бағдар беру. Іс-шара соңында студент жастар толғандырып жүрген сұрақтар бойынша келген қонақтардан мардымды жауаптар алып, ой-пікірлерімен бөлісті. Бұдан бөлек «Бүгінгі таңда кәсіпкер атанудың тиімділігі мен мүмкіндіктері» атта шара болып өтті.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастыруымен Жоғары жаңа технологиялар колледжінің үлкен мәжіліс залында Шымкент қаласы бойынша жұмыссыз жастарға кәсіпкерлік негіздерін үйрету мақсатында «Жас кәсіпкер» атты семинар-тренинг өткізілді. Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық филиалының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша жұмыссыз жастарға кәсіпкерлік негіздерін үйрету мақсатында «Бүгінгі таңда кәсіпкер атанудың тиімділігі мен мүмкіндіктері» атты семинар-тренинг өткізілді