Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі барлық салынып жатқан құрылыс нысандарына жұмысшылардың кемінде 50 пайызын тұрғылықты жұмыссыз жастарды тарту бойынша тапсырма берілгені белгілі. Осыған орай, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жазғы уақытта студенттік құрылыс отрядтарының жұмысын жоғары бағалап отыр. Облыс орталығындағы «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан тоғыз көпқабатты тұрғын үй құрылысы бітуге жақын. Бүгінде құрылыс жұмыстары қыза түскен. 2016 жылдың қазан айында басталған жұмыстар аяқталып, енді 2017 жылдың қазан айында пайдалануға берілмек. Тоғыз көпқабатты тұрғын үй ұясының іргетасын қалауда студенттердің де үлесі бар. Олай дейтініміз, Три-А+“ компаниясы бүгінде 50-ге жуық негізгі жұмысшылармен бірге студенттік құрылысың жасағының 10 жасын жұмыспен қамтыған болатын. Одан бөлек «Оңтүстік құрылыс сервис» бүгінде 100-ге жуық негізгі жұмысшылармен бірге студенттік құрылысың жасағының 20 жасын жұмыспен қамтыды. Осылайша кәсіпкерлер студент жастарға қамқорлық танытты. Сондай-ақ «Нұрсәт» шағынауданындағы әсемдігімен көз тартатын «Ордабасы» тұрғын үй кешенінде де студент жастардың қолтаңбасы бар. Кәсіпкерлер осылайша жастардың белгілі бір мамандығына сай тәжірибе жинақтауына қол ұшын созды.