Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында 498 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде ірі және орта – 89, кіші – 350, қосалқы – 59 кәсіпорын. Биылғы жылдың басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындарында 212 491, 2 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101, 2 пайызға артып отыр. Жыл өткен сайын тұрғындардың кәсіп көзін ашуға деген құлшынысы артып келеді. Өз кәсіптерін дөңгелете отырып облыс бюджетіне де қомақты қаражат құйып отырған ірі кәсіпкерге айналғандары да көп.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» бойынша биыл 114 жобаға қолдау көрсету міндеті қойылған. Негізгі атқарылған жұмыстар бойынша кәсіпкерлердің банктердегі несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 82 жоба бекітіліп, бүгінде 17 жобаға қолдау көрсетілген. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне өз бизнесін бастауға мемлекеттік гранттар беру бойынша 62 жоба ұсынылған, оның 7-і жобасы қолдау тапты. Жылдың соңына дейін бағдарлама аясында құны 32,5 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және «Ырыс» МҚО арқылы қалада 2017 жылдың 7 айында 620 млн теңгеге 100 жоба мақұлданған. 79 жоба 426,5 млн теңгемен қаржыландырылды.