Жуырда «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Шымкент қаласы Абай атындағы орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен Абай орталықтандырылған кітапханасының оқу залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» этносаралық келісімнің жастарға ықпалы атты дөңгелек үстел болып өтті. Оңтүстікқазақстандық жастардың басын қосқан мәдени шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі директорының міндетін атқарушы — Г.Ендібаева, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесі төрағасы — И.Рысбай, ардагер — С. Байдаулетов, Қырғыз орталығы мүшесі — А.Қалменов, Өзбек мәдени орталығының мүшесі Т.Усманов ата-апаларымыз жиналған қауыммен өз ой пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел мақсаты көп ұлтты Қазақстан елінің біртұтастығын, бірлігін сақтау болып табылады. Бұдан кейін жастар «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орнында облыс жастары және жұмысшы жастардың кәсіпкерлермен «Табысқа бастар жол» атты кездесуі өтті. Мұндай шаралардың жастарға берері мол әрине. Кәсіпкерлердің қалай табысқа жету жолдарымен танысқан жастар көкейлеріндегі сауалдарына да тұщымды жауап алды.