Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданында 2017 жылдың 7 айында «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020»БАҒДАРЛАМАСЫ аясында пайыздық ставкасын субсидиялау желісі бойынша 2 жоба — 875 млн теңгеге, инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша 2 жоба — 3 млрд. 425 млн. теңгеге, гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба — 3 млн. теңгеге, банк несиелерін кепілдендіру желісі бойынша 1 жоба 75 млн. теңгеге МАҚҰЛДАНДЫ. Биылғы 7 айда аудан бойынша «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 7 559 мал басы сатып алынып,282 жанұялық мал бордақылау алаңдары /32-сі — 10-15 бастық /, 57 шағын сүт фермалары іске қосылды. АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,5% пайызды құрады. Бадам ауыл округіндегі ҚАЗАҚ-ТҮРІК ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫның 79,3 га жер теліміне 53 млрд. 283 млн.теңгенің 12 инвестициялық жобасы өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қортындысымен орналасуға мүмкіндік алды. Аудан көлемінде биылғы 7 айда 57 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынып, жалпы ауылшаруашылық техникасы 1517 дананы құрады. Осылайша ауданда өнім көлемі өсіп келеді. Кәсіпкерлік саласында да өрлеу басым. Аудан экономикасын алға сүйреуде кәсіпкерлердің қосып отырған үлесі қомақты.