Бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс өркендеп, тасы өрге домалап келеді. Облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынған жобалардың қатары тіптен көп. Солардың бірі Отырар ауданында «Азия агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде өндірісі өрге жүзіп келеді. Жүгері өңдейтін зауытың жұмысы қарқын алған. Жылына 5 мың тонна жүгеріні өңдеуге қауқарлы жобаның құны 619 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын құс фермаларын құрама жеммен қамтамасыз ету мақсатында ашылған. Мұнда шикізат өңдеу де жолға қойылған. Жүгері өз алқаптарында өсіріліп, қайта өңделеді. Мұнда 16 адам жұмыспен қамтылған. «Дала аруы» атанған өсімдіктен жасалған құрама жемге деген сұраныс жоғары. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай шеттегі аудандарының өзінде құс фабрикалары жұмыс істейді. Тіпті бір ауданның өзінде бірнеше құс фабрикалары да бар. Кәсіпорынның болашағы зор, келешегі кемел. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтығанына жергілікті жұрт қуанулы. Жүгеріні өсіріп баптайтын шаруашылықтар да жетерлік. Олар пісіп жетілген өнімдерін осында әкеліп өткізеді. Мұнда дайындалған құрама жемге деген сұраныс жоғары.