Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі басымдық индустриалды аймақтарды дамытуға беріліп отыр. Яғни, индустриалды аймақтарда жаңа жобаларды жүзеге асырып, барынша қолдау көрсетілмек. Был индустриялдық аймақта қосымша 20 кәсіпорын іске қосыладды жобалардың жалпы құны 40 миллиард теңгені құрайды. Олардың барлығы да облыс экономикасының өрге өрлеуіне қосақты үлес қосатын жобалар. Әрі өтімді, заман талабына сай сапалы өнім өндірмек. Нәтижесінде 1500-ден астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Биыл іске қосылатын ірі кәсіпорындардың бірі – «Шымкент Темір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің болат құю өндірісі. Жоба құны 4 миллиард, 290 миллион теңгені құрайтын зауыт жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт толық іске қосылған жағдайда 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Алып зауытқа мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі. Биыл сондай-ақ, жалпы құны 7,5 млрд теңгені құрайтын металлургия зауытының құрылысы жүргізілуде. 100 адамды жұмыспен қамтитын «Амир-А» ЖШС жылына 150 мың тонна металл өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, былтырғы жылы облысымызда Индустрияландыру картасы аясында 36,4 млрд. теңгеге 1000-ға жуық жұмыс орнын құрайтын 18 жоба іске қосылған болатын.