Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін Созақ ауданында да ілкімді жобалар жүзеге асырылуда. Созақ ауданындағы индустриалды аймақта орналасқан «Благо Лизинг НПЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уран өндіруші кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар шығарады. Былтыр ашылған өндіріс орны осы уақытқа дейін біршама табысқа қол жеткізді. Кәсіпорынның негізгі шығаратын бұйымы – уран өндірісінде қолданылатын құбырлар жасау. Әрі шығарған өнімдері үлкен сұранысқа ие болып отыр. Ашылған жылы 41,3 миллион теңгенің, ал биыл 66 миллион теңгенің өнімін сатқан. Алдағы уақытта да өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Зауыт басшылығының айтуынша, осы жылдың алғашқы тоғыз айында 29,9 миллион теңге салық төлеген. Кәсіпорын басшылығы ең алдымпен сапаға мән береді. Сол арқылы сатып алушылардың сенім үдесін шығуды көздейді. Сондай-ақ, тапсырыс берушілердің сенімін алдамай өнім сапасын жоғарылатуға басымдық береді. Өндірістік базада дайындалған өнімдерінің сапасы шыдамды әрі төзімді етіп дайындайды. Әрі сатып алушылар да риза. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім өндіру көлемін арттырып, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын көбейтуді жоспарлап отыр.