Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық дамуды дамыту мақсатында шетелдерден бөлек өзге облыстармен де тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен өңірімізге Батыс Қазақстан облысынан бір топ делегаттар келіп кеткен болатын. Оларға ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы индустриалды аймақтағы кәсібі өрге дөңгелеген кәсіпорындардың жұмысымен танысып шықты. Батыстықтардың да негізгі мақсаты индустриалды аймақ саласында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу болатын. Өңірімізде әлеуеті мол 11 инудстриалды аймақ болса, Шымкент қаласының өзінде жеңіл және ауыр өнеркәсіптер орналасқан үш индустриалды аймақ бары белгілі. Делегаттар ең алдымен индустриалды аймақта орналасқан шұлық шығаратын фабрика, кілем фабрикасы, шыны шығаратын зауытта болып, өндірісті өз көздерімен көрді. Оларға өндіріліп отырған өнімдерді өз өңірлерінде де өндіруге болатындығын тілге тиек етті. Мұндай тәжірибе алмасу мақсатындағы кездесулер биыл да ұйымластырылмақ. Еліміздің орталық, шығыс, солтүстік бөлігінен арнайы делегаттар келіп тәжірибе алмасу кездесулерін өткізеді. Оларға ең алдымен индустриалды аймақ жұмысы таныстырылатын болады. Өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер де еліміздің өзге аймақтарына тәжірибе алмасуға баратын болады.