Перейти к содержимому
Оңтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму аясындағы жобалардың шамамен 50 пайызы ауылдық елдімекендерде жүзеге асырылуда. Бұл бірінші кезекте ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға септесетіні анық. Яғни, ауылдағы ағайын екі қолға бір күрек тауып нәпақа табады. Одан бөлек өндіріс орны ашылса ауыл аймақты гүлдендіруге, көркейтуге, абаттандыруға да мүмкіндік туады. Ауылдың қаладан еш айырмашылығы болмайтындай дәрежеге жеткізеді. Ауылдарда ашылатын өндіріс орындары ауданның одан кейін облыстың бүйірін бұлтитуға да сеп болмақ. Елімізде индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысы 104 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, инвестициялардың жалпы көлемі 845,1 млрд құрайды. Жаңа өндіріс орындарын іске қосу мыңдаған жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстан облысында жақын арада коммуналдық және арнайы техника, медициналық құрал жабдықтар, алюминийден түрлі қажетті құрылғылар шығаратын зауыт құрылысы секілді маңызды жобалар іске асырылады. Оның үстіне бүгінде күнгей еліімз бойынша медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығару бойынша алдыңғы орында тұр. Сондықтан да алдағы уақытта фармацевтикалық өндірісті іске қосу да жоспарда бар.