«Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай «ӨҢІРЛІК өнімдер-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған Түркістан облысының түкпір түкпірінен келген үздік кәсіпорындар қатысты.Әсіресе индустриалдық аймақтарда кәсібін қайнатып, тірлігін жайнатып отырған ірі кәсіпорындар көптеп қатысты. Олардың барлығы да өңірімізде индусриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындар. Қатысушы –өнім өндіруші кәсіпорындардың көпшілігі «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинацияларын иеленді. Сонымен қатар, көрмеде аймақтық номинациялармен ең үздік компаниялар таңдалынды: «Халық таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызы бар стартап», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік этноөндіруші», «Табиғи өнім өндіруші» «Инновациялық жоба», «Жас өндіруші», «Үзді тауарлық қаптама», «Үздік еңбек жағдайлары» және «Ең үздік әйел-жұмыс беруші», «Қызмет көрсету саласындағы үздік жоба», «Бизнес-вумен-инноватор» номинациялары бойынша да әйелдер бизнесіне қолдау көрсетілетін болды. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысуға жолдама алды. Алдағы уақытта да мұндай көрме жәрмеңкелер көптеп өткізілетін болады. Әрі мұндай көрмелердің берері де көп. Оған келушілер аймақтағы өндірушілердің тауарын көптеп сатып алуына мүмкіндік туады.