Түркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жуырда индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат ұсынды. Ол бойынша яғни, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында1,3 трлн. тг құрайтын 137 жоба іске асыру жоспарлануда. Онда 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі таңда Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында 81,8 млрд. тг. құрайтын 60 жоба іске асырылды (2015ж – 23жоба, 2016ж – 19 жоба, 2017ж – 18 жоба) Онда 2,5 мың жұмыс орны ашылды. 2018 жылы сомасы 53 млрд.тг. құрайтын 20 жобаны жүзеге асыру, онда 2500 жұмыс орнын ашу көзделуде. Оның ішінде «Асыл-бастау.kz» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі Қазығұрт ауданында ашылмақ. Аталмыш кәсіпорын бүгінде зерделеу сатысынан өткен. Жылына 17 500 тонна өнім шығарылады. Жаңа жабдықтарға 602 миллион теңге инвестиция салынды. Алдағы уақытында толық қуатында іске қосылған жағдайда құрғақ майсыз сүт және сары май өндіретін болады. Ал Сайрам ауданында ашылуы тиіс «Бирлик-4» сертіктестігі Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін цех құрылысы салынады. Жобаның жалпы құны 2017 миллион теңгені құрайды. Аталмыш жобалардың барлығы а жүзеге асырылған жағдайда өңір экономикасына сүбелі үлес қоспақ.