Түркістан облысында бүгінде құрылыс қазаны қайнап тұр. Өңір тірлішігі жайнап тұр. Оған үлес қосып жатқан өнідіріс орындарының жұмысы да қызу. Өңірдегі «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС өткен жылдың қаңтар айынан бастап өнімдерін өндіре бастаған болатын. Облыстағы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі осы кәсіпорын болып табылады. Аталмыщ кәсіпорында орнатылған құрал жабдықтың басым бөлігі шетелден әкелінген. Серіктестік мамандары алдымен маркетингтік зерттеу жүргізген болатын. Темір-бетон бұйымдарының 114 түріне сұраныс жоғары екені анықталған. Бүгінде серіктестікте осынша түрлі бұйымдар шығарылады. Мамандар сапаға баса назар аударады. Соның нәтижесінде де зауыт өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Облыстағы құрылыс қазанын қайнатып жүрген ірі ірі кәсіпорындар тұрақты сатып алушыларға айналған. Бұдан бөлек Қызылорда, Жамбыл облыстарынан сұраныс түсуде. Серіктестік жетекшілерінің ендігі жоспары – өнімдерін шетелдерге экспорттау. Ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие тауар өнідірп отырған кәсіпорынның бұл жоспары да аз ғана уақыт аралығында орындалмақ. Бүгінде «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС-де тұрғын үйлерге қатысты барлық құрылыс материалдары шығарылады. Соның ішінде үй жабатын плиталар, іргетасқа арналған бұйымдар, цилиндрлі анкар, тіреуіштер, қысқаша қайырғанда құрылысқа қажетті кез келген бұйымдарды тапсырысқа байланысты шығарып беруге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта кірпіш құюды да қолға алмақ. Облысымызда бой көтерген үш мектепке темір-бетон бұйымдарын жасап берген жеке құрылыс компаниялары мыңдаған дана құрылыс материалдарын сатып алған. Серіктестік өздері өндіретін өнімдерне арнайы сапа сертификаттарын алған.