Түркістан облысындағы KARLSKRONA компаниясының Орталық Азиядан бөлек ТМД кеңістігінде теңдесі жоқ неміс және жапон құрылғыларын қолданады. Ірі тұтынушылардың бірі — «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындары болса, одан басқа өңірлердегі сумен жабдықтаушы кәсіпорындары болып табылады. Кәсіпорын шығарып отырған өнім өздерінде өндірілмейтін болғандықтан Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан сұраныс көп түседі.
Индустриалды инновациялық даму бадарламасының жемісі. Кәсіпорынның әр түрлі өнім өндіретін 6 цехы бар. Бір цехта сорғы өнімдерін шығарса, екіншісінде бұрандалы бекітпелер өндіреді. Әрқайсысында жұмыс қайнап жатыр. Тапсырыс берушілердің сұранысын дер кезінде орындау қажет. Аталмыш зауыт су сорғыларынан бөлек, электротехникалық құрылғы, реттеуші арматура, су тазалағыш және жылу, кәріз жүйелерінің қосалқы бөлшектерін де өндіреді. Мұнымен тоқтап қалмай қазан айында «Karlskrona» кәсіпорнының «Бадам» индустриалды аймағында болат құю зауыты іске қосылмақ. Онда су сорғыларына қажетті қосалқы бөлшектер шығарылатын болады. Мұнда жоспар бойынша 55 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Бірегей жоба жүзеге асқан жағдайда кәсіпорын сырттан қосалқы бөлшектер сатып алмайтын болады. Бүгінгі табысты кемел келешектің баспалдағы деп білетін «Карлскрона» компаниясының басты мақсаты сапалы өнім өндіріп, өндіріс қуаттылығын арттыру болып отыр.