Қ. А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де Ғылыми-техникалық кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілісті кеңес төрағасы, Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі проректор, профессор Т.П.Раимбердиев жүргізді. Күн тәртібіне орай, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Ефтал Шукру Батмаз «2017-2018 оқу жылында Әлеуметтік ғылымдар факультетінің университетіміздің стратегиялық даму жоспарының индикативті көрсеткіштеріне сәйкес орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары» туралы баяндады. Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдарының саны (Thomson Reuters, Scopus, Elsevier); Ғылыми журналдарда және конференцияларда жарияланған мақалалар (Thomson Reuters, Elsevier және Scopus-тардан тыс), Ғалымдардың Халықаралық гранттық, Түркиялық (ТИКА, ТУБИТАК, ӨК), келісім-шарттық және меморандум негізінде қаржыландырылатын жобалары; Халықаралық, реуспубликалық ғылыми конкурстарда, ғылыми-шығармашылық жарыстардағы білім алушылар арасындағы жүлдегерлер және т.б., ғылыми жетістіктер туралы мәлімдеді. Негізінде ғылыми жобалардың басым бөлігі инновациялық бағытта. Алдағы уақытта аталмыш жобалар өндіріске ендіріліп, Түркістан облысының индустриалды дамуына мол үлес қосары сөзсіз. Декан есебін мұқия тыңдаған проректор Талжан Пердешұлы, ғылымды коммерцияландыру туралы айтып, осы бағыт бойынша белсенді жұмыс жасауға шақырды.