Палата мен KazakhExport арасындағы өзара әрекеттестік Түркістан облысының үш компаниясына сыртқы нарықта өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды atameken.kz. Облыстағы үш экспорттаушы компания – «Шымкентмай» АҚ, «HILL Corporation» ЖШС және «Bal Textile» компаниясы KazakhExport ұсынған мемлекеттік экспорттық қолдау құралдарын пайдаланып үлгерді. Олардың барлығы өңірімздегі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындар. Бір жыл бұрын отандық өсімдік майын өндіруші «Шымкентмай» қаржы тәуекелдерінен қорғанып, сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдерден сақтандыруды қамтамасыз ететін және экспорттық операциялардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен шарт жасасқан болатын. «Біз осы мәселе бойынша компанияға толық қолдау көрсеттік, «KazakhExport» сақтандыру компаниясының мемлекеттік экспорттық қолдау құралдарын түсіндірдік. «Шымкентмай» компаниясы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру құралы арқылы жұмыс істеуді жоспарлап отырған клиенттер тізімін жасады. Шарттар мен кепілдіктер толығымен қанағаттандырылды, өйткені клиенттің қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда өндіруші шығындары азайтылады», – деп атап өтті Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бақытжан Сейтынбетов. Экспорттық несиелерді сақтандыру келісімшарты Шымкентмайға мерзімін ұзарту бойынша төлемдер жүргізу жағдайында импортшыларға сату көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ететін, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанның нарықтарында біздің өндірушіміздің позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.