Түркістан облысында химия зауыты салынбақ. Өндірілген өнімнің жартысы жергілікті кәсіпкерлерге сатылатын болса, қалған бөлігі Ресей, Қытай, Түркияға экспортталмақ. Жобаның жалпы құны – 28 миллиард теңгені құрайды. Асқар Абубакиров, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры: «Бұл жобаны осында орналастыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Өңірдегі индустриалды аймақта негізінен тоқыма өндірістері орналасқан. Ал полипропилен бұл өңдеу өнеркәсібі. Сондықтан да Министрлікке дейін бұл мәселе қаралды» … Ірі жоба. Отандық инвестиция. Мұндай зауытты тұрғызу үлкен қаржыны, технологиялық порцесті қажет етеді. Бұл аймақта орналасуы да өте тиімді. Өйткені шикізат көзі жақын маңда орналасқан, мұнда «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Ел аумағында ұнтақты полипропиленді өндіру алдағы уақытта импорт мөлшерін азайтып, осы өнімді қолданатын салалардың дамуына жаңа серпін бермек… Жаңа зауыттың қоршаған ортаға келтірер әсері туралы қоғамдық тыңдау өтті. Оған эколог, ғалымдар, қоғам белсенділері қатысып, заманауи жаңа технологиялармен жабдықталатын өндіріс орнының қоршаған ортаға еш залалы болмайтындығын атап өтті.