Бүгінде балабақшаларда қазақы оюмен нақышталған әдемі кілемдер төсеулі жатады. Баланың ой санасы енді қалыптасып келе жатқанда қазақы ою-өрнектің, ұлттық нақыштың бала санасына сіңгені қандай ғанибет. Ал осы қазақы кілемдерді «Бал Текстиль» ЖШС –і өндіріп отыр. Аталмыш кәсіпорын Түркістан облысындағы ғана емес — Қазақстандағы ең ірі кілем фабрикасы. Компания Бельгияда шығарылған қазіргі заманғы MICHEL VAN DE WIELE жабдықтарында BCF, Heat-Set, Frize брендтерінің полипропилен жіптерінен жасалған кілемдер өндіруде. Өнімдер «Тұран», «Хан-Тәңірі», «Лидер», «Алатау», «Сарыарқа», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN» «SILK» атауларымен шығарылады. Барлық кілемдер жоғары сапалы және қолайлы бағаға ие. Кілем өндіретін шикізат Түркия, Бангладеш, Үндістан, Ресей және басқа елдерден импортталады. Полипропиленді синтетикалық жіптер Oerlikon Neumag (Германия), Allma Volkmann, SUPERBA (Францияда шығарылған) жаңа буын жабдығының көмегімен жасалады. Зауыттың өндірістік қуаты 2300-5000 мың шаршы метр кілемдер мен кілем өнімдерін, жылына 4000 тонна полипропиленді иірімді құрайды. Зауытта 200 адам жұмыс істейді. Зауыттың жалпы ауданы 15000 шаршы метрден асады. Және зауыттың Оңтүстік Қазақстан облысының «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасуы жергілікті тұрғындарды отандық өнімдермен қамтамасыз ету үшін де, экспорт үшін де зор мүмкіндіктер ашады.