Перейти к содержимому
Бүгінде Түркістан облысында жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту мәселесі қарастырылуда. Түркістан облысы бойынша барлығы 35 898 гектар жаңа суармалы жерді пайдалануға енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Түркістан облысында іске асырылғалы жатқан инвестициялық жобалар да көп. «Нұрым» ЖШС — нің басшысы Сырым Ертаев экспортқа бағдарланған 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын таныстырды. Кәсіпорын жыл басынан бері 1 300 тонна сиыр етін Өзбекстанға экспорттады. Жұмыс барысында кеңеске қатысушылар Түркістан қаласында салынып жатқан түйе және бие сүтін өңдейтін «Golden Camel» зауытына барды. Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қуатты және ағымдағы жылғы қазан айында пайдалануға беріледі. Зауыт өнімі түгелдей экспортқа бағытталады. Жоба шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылады. Сондай – ақ, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын «Kaz Kioti” ЖШС-нің қызметі таныстырылды. Кәсіпорын 2015 жылы кореялық компанияның жеке инвестициялық есебінен құрылды. Қазіргі уақытта зауыт жыл сайын 150 бірлік «DAEDONG” маркалы трактор шығарылады. АӨК — ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі мұндай семинар кеңестер елдің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.
Мақпал Рысбаева