Түркістан облысында бүгінде индустриалды-инновациялық даму жолында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Жуырда облыс әкімдігінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесу өткізілді. Жиынға облыс орталығындағы «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустриалды аймақтарында орналасқан 60-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен «Оңтүстік» индустрирлды аймағы дирекциясының өкілдері қатысты. Бүгінде өлкенің өндірісін өркендетіп және облыс экономикасының дамуына орасан үлес қосып отырған осы шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Жиын барысында өндіріс орнының басшылары өздеріне мемлекет тарапынан жасалып отырған көмектің көп екендігін тілге тиек етті. Іргелі кәсіпорын ашып жұмыстарын дөңгелетіп отырған индустриалды аймақта индустрирлық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылғаны белгілі. Бүгінде осы игіліктің арқасында түрлі өндіріс орындары тауар өндіріп, экспорттап та отыр. Сонымен қатар, индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындар аумағын көгалдандыру мен бос жатқан жерлерді игеру жайы да қаралды. Онда трансформатор шығаратын «Asia Trafo» кәсіпорыны өз қаржысы есебінен «Тассай» индустриалды аймағында шағын бау егіп, айналаны көгалдандырып көпке үлгі болып отыр.