Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «ЮКМЗ» АҚ (бұрынғы «Манкентсельмаш» зауыты) ауылшаруашылығы машина жасау өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірі. Кезінде «Манкентсельмаш» зауытының өнімдерін елімізде ғана тұтынып қоймай, шетелдерден де көптеген сұраныстар түсетін. Дағдарыс жылдарында зауыт көптеген ауыртпалықтарды бастан өткерді. Бүгінде «ЮКМЗ» АҚ болып қайта құрылған зауыт бәсекелестерін шаң қаптырардай алып күшке ие. Нарыққа қажетті өнім өндіруімен асығы алшысынан түсті. Машина жасау кәсіпорны өндірістің бүкіл процесіне жауапты, кішкентай ғана құрылғы жасаудан бастап дайын өнім құрастыруға дейін атқарылады. Негізгі су көтергіш құрылғылары мен мал шаруашылығы фермаларына арналған машиналар, мұнай-газ-уран өндіретін кәсіпорындарға арналған стандартқа сай келмейтін құрылғыларды жасап шығарады. Одан бөлек зауыт шахталарға арналған қазғыш құралдар, сорғыш сатнциялардың құрылғыларын, ленталы жүк көтергіштер, әмбебап өрт сөндіргіштер жасап шығарады. Бүгінде зауытта 115 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы да машина жасау саласына тамшылатып тер төгіп жүр.