2018 жылғы І тоқсанда Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 732083,4 млн. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 35,5%, қызмет көрсету – 57,6% құрады. 2018 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 118488,9 млн. теңге болып, 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 105,1% құрады. 2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Түркістан облысының 13887 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 9702 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 13329, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 467, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 91, оның ішінде жұмыс істейтіндер – тиісінше – 9169, 458 және 75 бірлік. Түркістан облысында «Сауда» саласы бойынша 2018 жылғы қаңтар-шілдедегі нақты көлем индексі 101% құрады. Бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-шілдеде 80119,2 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 107,6% құрады.Көтерме сауда көлемі 36562 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 95,5% құрады. 2018 жылғы қаңтар-наурызда Түркістан облысының, Шымкент қаласын қоса алғанда, сыртқы сауда айналымының көлемі 749,9 млн. АҚШ долларын немесе 2017 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 124,1% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 305,1 млн. АҚШ долларын немесе 110,6%, импорт – 444,8 млн. АҚШ долларын немесе 135,3% құрады.