Түркістан облысындағы Төле би ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында мал басы көбейіп келеді. Биылғы меже де жылдағыдан толымды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал межесі 779 бас, алынғаны 830 бас, яғни 107 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу межесі 125 бас, алынғаны 145 бас, яғни меже 116 пайызға орындалды. 10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарын ашу бағытында 264 бірлік мал бордақылау алаңын ашу межеленген, ашылғаны 214 бірлік, яғни меже 81 пайызға орындалды. Жанұялық сүт өндіру тобын (фермасын) ашу бағытында меже 68 бірлік, қазіргі таңда орындалғаны 75 бірлік, меже 110 пайызға орындалды. Құс фермасын салу бойынша үш жақты келісім шартқа сәйкес меже 1 бірлік, орындалғаны 7 бірлік, яғни 7 есе артығымен орындалды. Атап айтқанда, Киелітас ауылдық округінде «Леңгер құс» АШӨК құс фермасының 2017 жылы 14 бірлігі енгізіліп, қалған 6 құс фермасының құрылысы 2018 жылға өтпелі болып қосылды. Жыл соңына дейін іске асатын жобалар, Кемеқалған ауылдық округінде Ордабасы ауданындағы учаскесіндегі (Бөржар) ЖК Манап Қайрат 1104 млн.теңгеге 4,8 га жерге жылыжай салуда. Бүгінгі таңда 1 гектар жылыжайдың құрылысы пайдалануға берілген. Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде «Атамекен корпорациясы» ЖШС 220 млн. теңгелік сүт фермасы және ГЗК (Гидропонный зеленый корм) – дәнді – дақылдардан (бидай, арпа) арнайы технологиямен өсірілетін жасыл азық өсіру жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.