Бүгінде Түркістан облысындағы Төле би ауданында құс шаруашылығы жоғары деңгейде дамып келеді. Ауданда алып құс фабрикасын салу жоспары бар. Құс фермасын салу бойынша үш жақты келісімшартқа сәйкес меже 1 бірлік жоспарланған болатын. Оның жүзеге асқаны 7 бірлік, яғни 7 есе артығымен орындалды. Демек алдағы уақытта ауданның қазанын қомақтыландыруға сеп болмақ. Атап айтқанда, Киелітас ауылдық округінде «Леңгер құс» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құс фермасының 2017 жылы 14 бірлігі енгізіліп, қалған 6 құс фермасының құрылысы 2018 жылға өтпелі болып қосылды. Биыл жыл соңына дейін аяқталып, аудан кономикасын көтеруге септеспек. Экспортталатын ірі қара мал еті 100 тонна, қой еті 120 тонна межеленген. Бұл бағытта «Тұмар» АШӨК бір жүйеге келіп, Қытай мемлекетіне ет өнімдерін экспорттаған жағдайда межені артығымен орындау көзделуде. Мал шаруашылығы саласында 12 млн 125,7 мың теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,7 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 105,1 пайыз). Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,6% (68 117 бас), қой 96,4% (198 585 бас), ешкі 108,3% (8 566 бас), жылқы 98,4 % (27 406 бас), құстар 87,6% (143 682 бас) пайызды құрады.