Ел экономикасының өркендеуі қалалардың көркеюінен, барлық инфрақұрылымның болуынан да байқалса керек. Соңғы 3 жылдан бері облыс көлемінде газдандыру мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Моноқалалардың алдыңғы көшінде тұрған Кентауда да инфрақұрылым мәселесі біртіндеп әкелінуде. Қаланы газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі күні автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы мен 53 шақырымдық магистральды құбырдың құрылысы бітіп, даяр тұр. АГТС-тың жобалық құны 4 миллиард 50 миллион теңге болатын. Ал құрылысына 3,9 миллиард теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қала ішінде газ құбырларын жүргізілуде. Аталған жұмыс үш кезең бойынша жүргізіледі. Бұ дан бөлек айналма құбыр бар. Ол орта магистральды құбыр іспетті. Соның қазір айналма құбыры мен 1-кезеңі жүргізіліп жатыр. Қалған 2 кезеңге де қаражат бөлінген. Мамандардың айтуынша жоспар бойынша, келер жылдың соңына Кентау қаласын 80 пайызға газдандырылмақ. Бұл дегеніңі ауқымды жұмыс. Газ тарату мекемесі әр үйге газды тартып береді. Үйдің ішіне кіргізуге тұрғындардың өздері жауапты. Негізі келер жылы күзге дейін 3 кезеңнің барлығын бітіру көзделіп отыр. Тек Кентау қаласы ғана емес, оның айналасындағы ауылдарды да газдандыру мәселесі назардан тыс қалып отырған жоқ. Хантағы ауылына қаражат бөлінді. Оның да жеңімпазы анықталып, биыл газдандыру жұмыстары басталады. Келер жылға да ауқымды жоспарлар бар. Яғни, келесі жылы Қарнақ пен Байылдырға да газ жеткізілмек. Яғни 2019 жылы қаланы газбен толық амтылса, 2020 жылы ауылдар қамтылады. Ал, 2021 жылдың соңына дейін табиғи газ мәселесі Кентауда толық шешімін таппақ.