2018жылдың соңына дейін Түркістан облысындағы Төле би аудананда іске асырылатын инвестжобалар бойынша келесі нәтижелер күтілуде. Жемісті боларына сенім мол. 2018 жыл аяғына дейін іске асатын 26 бюджеттік инвестициялық жобалар анықталған, жалпы жобалардың құны 6 млрд 074 млн теңгені құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылығы саласында 5 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Оған 1 млрд. теңге тартылса, 85 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал өнеркәсіп саласында да атқарылар шаруа көп. 4 жоба жоспарланып отырса, оған 2 млрд 546 млн тг жұмсалмақ. Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы ең алдымен жұмыс орындарының көптеп ашылатыны сөзсіз. Өнеркәсіп бойынша жоба іске қосылатынболса, онда 87 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қызмет көрсету саласы бойынша оның ішінде туризм және сауда бойынша 17 жоба, оған 2 млрд 337,0 млн тг, жұмсалса, 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Атап айтқанда: «Ақсу Қуат» ЖШС- кіші электр станция құрылысы жылына 5 МВТ электр қуатын өндіру. Құны 1,5 млрд. Іске асыру мерзімі жыл соңына дейін. Екіншісі, «Шымкент Құс» ЖШС құс етін өңдеу цехы жылына 2,5 мың тонна ет өндірілмек. Құны 896,0 млн теңге. «Атамекен Корпорациясы» ЖШС Гидропоникалық (Комбикорм) мал азығын дайындайындау жобасының құрылысы. Құны 200,0 млн теңге. Тәуілігіне 10 тонна құрама жем. Кемеқалған а/о, Ордабасы ауданындағы учаскесіндегі (Бөржар) ЖК Манап Қайрат 1104 млн.теңгеге 4,8 га жерге жылыжай салуда. Бүгінгі таңда 1 га жылыжайдың құрылысы пайданануға берілген.