Бүгінде Түркістан облысында ішкі нарықты қамтудан бөлек, шетелге өнімдерін экспорттап отырған ірі кәсіпорындар қатары артып келеді. Солардың ең алдыңғы легінде «Химфарм» АҚ тұр. Фармацевтика саласында көш басында тұрған ірі компанияның өнімдеріне сұраныс артып келеді. Аталған кәсіпорынның өнімін бүгінде — Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей сатып алуда. Екінші орында «Кентау трансформатор зауыты». Нарықта ойып тұрып алар орны бар кәсіпорынның ТМД –да да салмағы басым. Бұрынғы кеңестер одағы елдерінің ішінде — Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан кентаулық трансформаторларды теңіз асып, тау асып алып кетеді. Бұл әрине тауардың сапалы болуынан. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаған
«AZALA Textile» ЖШС-інің өнімдеріне сұраныс көп. Бүгінде — Қытай, Италия, Литва, Германия, Чехия, Дания, Қырғызстан, Ресей елдеріне экспорттауда. Ал Түркістан облысыны кілемдердің орталығына айналдырып отырған «Бал Текстиль» ЖШС –і — Ресей мен Қырғызстанға кілемдерін тасымалдауда. «Назар Текстиль»ЖШС-нің де өнімдері — Қырғызстан нарығында танымал. Бұдан бөлек шетелге өнім экспорттаушы кәсіпорындар қатарында «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС, «Ордабасы кұс» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ өнімдерін Ресей мен Өзбекстан нарығына өткізуде. Ал «Барыс 2007» ЖШС-і — Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстанға, «Алтын Дән» ЖШС — Қырғызстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Өзбекстанға, «Хамит» СТК балықтарын— Өзбекстан мен Ресейге экспорттап келеді. Алдағы уақытта шетелге тауарын экспорттайтын түркістандық кәсіпорындардың қатары арта түсері анық.