Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының «Аманкелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзім алқабымен және бау шаруашылығымен атағы алысқа кеткен. 150 гектар алқапқа өсірілген жүзім жайқалып, оның сабақтарына біткен салалы өнім бірден көзге түседі. Жүзім терім науқаны да басталғанына біраз уақыт болды. Жүзімнің 7-8 сорты бар. Қазіргі таңда Италиядан әкелініп, егілген жүзімнің «Кардинал» сортын теруде. Жүзімнің басқа да «Алқызыл», «Ақшыл», «Қырымдық тәтті» деген сортымен қоса жергілікті жерге бейім «Тайпа», «Қара киш-миш», «Ханым саусақ» сорттары да өсірілуде Өсірілген жүзімді алдын-ала түзілген келісім шарт бойынша Ресейдің Мәскеу, Хабаровск, Иркутск қалаларындағы супермаркеттерге және еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе қаласының тұрғындарына экологиялық табиғи таза, әрі балғын жемістерді жөнелтуде. «Амангелді» ЖШС-нің өнімдерін сақтауға арналған жеке қоймасы бар. Сыйымдылығы 2 мың тонна болатын сақтау орнындағы 10 камера толықтай толған уақытта ондағы өнімдер отандық нарықтан бөлек, шетелдік нарыққа шығарылады. Бүгінде 1 мың гектар егістікке бидай, мақсары, жеміс-жидек пен жүзім өсіріп отыр.