Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында мал шаруашылығының өнім көлемі 114,3 пайызды (5806,8 млн теңге) құраса, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 55,3 пайыз болды (86.4 млн теңге). Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жандандыру мақсатында 2017-2018 жылдары ауданда 25 кооператив құрылды. Оның ішінде «Арыстанды KZ» кооперативі мен «Құбылай» кооперативтері молдульді сүт қабылдау бекетін алып, жұмыс жүргізуде. Ауданда етті бағыттағы 3 қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылықтары («Ержан», «Бердібай», «Қуаныш» шаруа қожалықтары) мен асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылықтары («Байтах» өндірістік кооперативі, Жеке кәсіпкер «Алшынбаева», жеке кәсіпкер «М.Назарбаев», жеке кәсіпкер Н Сихимбаев) жұмыс жүргізуде. Биылдан бастап репродукторлық шаруашылықтар төлдерін сатуды бастайды. «Ауданның 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 91,7 мың га болса, нақты 94,3 мың га (1102,8%) игерілген. Өткен 2017 жылы егістік жер көлемі 90,1 мың гектарды құраған болатын. 2017 жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда үстіміздегі жылы егістік жердің көлемі 104,6 пайызға немесе 4,2 мың гектарға артық игерілді.