Түркістан облысындағы Төле би аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті 30шы сессиясы өтті. Сессия барысында Төлеби ауданы мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22/124- VI «2018-2020 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады. Осы мәселе бойынша баяндаманы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансурбек Ашрапов оқыды. Депутаттар бұл мәселені талқылап, өзара келісіп, дауысқа салып шешім қабылдады. Бюджет қомақты болса, ауылдың да жағдайы жақсы.
Сондай ақ, сессияға аудан әкімі — Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы – Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысына төрағалық еткен — «Нұр Отан» партиялық фракциясының төрағасы Қуаныш Қансейтов болды.
Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі