Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында ірі кәсіпорындар жетерлік. Аудандағы жүгері сұрыптау зауыты 1964 іске қосылған. Ол кезде зауыт директоры Елубаев болған. Зауыт сол кезден бастап 1990 жылға дейін бүкіл Қазақстанға жүгері тұқымын дайындап жөнелтіп отырды. 1991 жылдан бастап бидай ұнының әртүрлі сұрыптарын шығарды. Онымен қосы зауытта сары май, жүгері таяқшаларын және сафлор майын да шығарған. Зауытта бірнеше басшылар қызмет жасаған. Д.Түстікбаев, Н.И.Гусев, С.А.Ибрагимов, А.Жақсыбаев, Ә.Алғабаев, А.Бидайбеков, Н.Қалмұрзаев сынды азаматтар басқарды. Бұл зауыттың атауы бірнеше рет ауысты. 2003 жылы «Sana» ЖШС болып аталды. Ол кезде В.Б.Югай басқарды. Тәулігіне 150 тонна ұн шығарады. Зауыттың аумағы 7,26 гектарды құрайды. 2006-2009 жылдар аралығында ЖШС «Түлкібас ұн комбинаты» болып атауы өзгертілді. Директоры В.И.Ким болды. 2010-2011 жылдары ЖШС «Югпищепром» болып атауы өзгертіліп, Б.Кеншим басқарды. 2012-2013 жылдар аралығында аталған мекені С.С.Ким басқарды. Зауытта астық сақтайтын қоймалары, лабораториясы бар. Мекемеде 115 адам жұмыс істейді. Мекеме туркиялық жаңа құрылғылармен жабдықталған. Жеке меншік мекеме. Өндіріп отырған өнім көлемін жылдан жылға арттырып келеді.