Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында тұт ағашынан жібек мата өндіру ісі бүгінде қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Таза жібек матасынан қай кезде де сұраныс төмендемеген. Алдағы уақытта жаппай облсытың әр аумағында осы кәсіпті игеретіндер көбейсе онда облысты алға сүүйреуші күшке айналар еді. Кәсіпкер 55 гектар жер алып, соның 20 гектарына 140 мың түп тұт көшетін еккен. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Алдағы уақытта тұт ағашын көбейтсе бұдан да зор нәтижеге қол жеткізуге болады. Жылына жапырағы төрт рет жинап алады. Өсімдіктерді будандастыру нәтижесінде мол өнім беретін аталмыш тұт ағашы көктемгі суыққа өте төзімді. Жібек құрттарды өсіру де оңайға соқпайды. Жапырақпен ғана қоректенетін мыңдаған жібек құрты бастапқыда кішкентай 40 грамдық қораптарға салынып өсіріледі. Олардың өсіп жетілуі де оңай емес. Бабы келіспесе нәтиеже де төмен тартады. Ұсақ жібек құрттарының бастапқы салмағы 30-40 грамнан аспайды. Түлеген сайын, қабықтарын аршып, 70 есеге дейін үлкейеді. Әзірге кәсіпкер жапырақтың бір келісін 20-22 теңгеден қабылдап жатқанын айтып отыр. Сол жапырақтармен қоректенген жібек құрты өңделмеген жібек шығарады. Оны жіпке айналдырып, тоқыма жұмыстарын жүзеге асырып отырған кәсіпкер өз өнімдерін еш қиындықсыз нарыққа шығаруда. Бұл кәсіпті нәсіп көзіне айналдыруға ниеттенгендердің қарасы жыл жылжыған сайын артып келеді.