Түркістан облысындағы Созақ ауданында жалпы құны 1 млрд. 204 млн. тг құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың 7 айында индустриалды аймақта 644,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, аудандық бюджетке 41 млн. 300 мың. теңге қаржы түсті. Жыл соңына дейін жалпы құны 17 млрд. 583 млн. теңге құрайтын 3 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олар құны 83 млн. теңге құрайтын «Тағай ата» ЖШС-нің «тұз өңдеу» цехын іске қосу. Қазіргі таңда Тасты ауылынан ғимарат сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске қосылса 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Құны 50 млн. АҚШ доллар құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-гі «күн электрстанциясының» құрылысын жүргізу. Қазіргі таңда жұмыс жобасы жасалынып (АПЗ, ПСД), мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құны 1 млдр. теңгені құрайтын «Централ Азия Мининг» ЖШС-нің «Асыл металлдар өңдеу зауыты» жобасы. Қазіргі таңда зауыттың құрылысы толығымен аяқталды. Бұл жобада қазіргі таңда 360 адам жұмыс жасауда. Сонымен қатар ауданда алдағы уақытта тағы 2 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтсақ: Құны 18 млрд. 500 млн. теңге құрайтын «Теріскей» ЖШС-нің «Асыл металл» өндіру жобасы. Жобаны 2020 жылға дейін іске қосу жоспарлануда. Жоба іске қосылса 400 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Құны 1,5 млн АҚШ долларын құрайтын «Стандарт Угле Хим» ЖШС-нің «Таскөмірсай» кен орнынан «тас көмірді өңдеу» (Фенол, бензол, толуол, ксилол, нафталин) зауыты. Жобаны 2019 жылға дейін іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында бизнес жоспары жасалуда. Жоба іске қосылса 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.