Бүгінде Түркістан облысындағы Созақ ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан алға шығып отыр. Аудандағы шалғай ауылдарға дейін коммуналдық қызметтерге қосылуы жақсарып келеді. Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 27 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттамалары жасалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Биылғы жылдың тамыз айында қорытындысы алынатын болады. Созақ ауданы бойынша 35 елді мекеннің 23 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Аталған елді мекендерде тұратын халық саны – 49250 адамды құрайды. Бұл аудан тұрғындарының 79,2 пайызы. Осы ауыз су құбыры бар 23 елді мекеннің 17-де тәулігіне 24 сағат берілсе, 7 елді мекенде ауыз су уақытпен берілуде. Шолаққорған ауылдық округінің Ақшам, Теріскей елдімекендері мен Таукент кентіндегі саяжайды тәулігіне 24 сағат сумен қамту мақсатында жобалау сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Сарыжаз, Балдысу, Қарабұлақ және Басбұлақ елдімекендерінің жер асты суын зерттеу жұмыстары жүргізілуде, Жыл соңына дейін қорытындысы алынатын болады. Биылғы жылы аудандағы орталықтандырылған 6 елді мекенге су құбырын жүргізуге, облыстық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы 6 елдімекен су құбыры жүргізілгенде елді мекендер саны 29-ға жетіп 82 пайызды құрайтын болады.