Төлеби ауданында бір күнде 5 нысан ел игілігіне берілді. Рәміздер стенды патриоттық рухты асқақтатса, Лэд экран сквері арқылы ауданға келген қонақтар көрікті демалатын жерлерімен таныса алады. Жаңа саябақтағы сағат стелласы мен қатар тағы 2 аллея көпшілік игілігі үшін жұмысын бастады, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.
Төлеби-Оқжетпес көшелерінің қиылысында ҚР-ның мемлекеттік рәміздері панносының салтанатты түрде лентасы қиылды.Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Төлеби ауданына кіреберісте орналасқан Лэд экран сквері де елдің келбетін аша түсті. Бұл экран арқылы қалаға келушілерге Туризімді дамыту бағытында аудандағы туристтік нысандарының жарнамасы көрсетіліп тұрады.
Бауыржан Омарбеков — Төлеби ауданының әкімі
Көк туымыз биік желбіресе, еліме деген, жеріме деген мақтаныш сезімі пайда болады. Себебі бұл еліміздің рәміздеріне деген құрмет. ҚР рәміздері өздеріңізге мәлім 1992 жылы қабылданған. Оларды биік қойып, құрметтеу артық етпейді. Көкбайрағымыз биікке желбірей берсін.
Қапал батыр көшесіндегі скверде сағат стелласы орналастырылды. Аудан орталығының көркін ашатын «Депутаттар» мен «Шаңырақ» саябақтары көпшілік қыдырыстайтын қалаулы орынға айналды. Бұл аумақ толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүрген.
Болат Әділбеков – Леңгір қаласының әкімі
Өздеріңіз көргендей қуанышты жағдай, 5 нысан ел игілігіне беріліп жатыр. Қаламыздың көркі кіріп, әрленіп келеді. Жаңа саябақтар, тұрғындардың демалатын орнына айналды. Ауданымыздағы тұңғыш лед экран да көрікті жерлерді көрсетуде.
Жыл басынан бері Ленгір қаласын көркейтіп, аббаттандыруға 80 млн тенге қаражат бөлінген. Бұған қосымша демеушілер есебінен 15 млн тенге қаржы жұмсалыпты.
Нұрдәулет Абдираш — «AMANTA GROUP» ЖШС директоры
Барлық нысандарды біз әкімшілікпен бірігіп салдық. Әр бір нысанның өзіндік мәні бар. Кейбіреулеріне өзіміз демеушілік жасадық. Қаламыздың көркеуі үшін.
Есен Дәүіржан — «AMANTA GROUP» ЖШС архитектор дизайнеры
Осы нысандардың экскиздері авторлық болып саналады. Сағат келешекте осы аудан орталығының символы болып саналады, деген ойдамыз.
Төлеби күн санап абаттанып, әлеуметтің жағдайы жақсарып келеді. Қазір тек аудан орталығын ғана емес, ауылдарды да көріктендіру ісі мықтап қолға алынды.
Арайлым БАЙЗАХОВА