Биыл Түркістан облысы Арыс ауданының шаруалары алғаш рет қонақ жүгері егіп, мол өнім жинауда. Аудандағы сүт тауарлы сиыр фермасы биыл өсімдік дақылын сынақ ретінде 60 гектарға егіп көрген. Алғашқы жыл болғандықтан қазір диқандар әр гектардан 50-60 центнерден өнім алып жатыр. Бір қарағанда жүгеріге ұқсас келетін өсімдіктің ұзындығы 5-6 метрге дейін жетеді. Мамандардың айтуынша, дұрыс егілсе көкмайсасы гектарына 250-500 центнерге дейін өнім береді. Тұқымына қарай 90-120 күн аралығында пісіп жетіледі. Жалпы қонақ жүгеріні еліміздің солтүстік өңірлерінде мал азығы ретінде егеді. Қоңырбас тұқымдастарына жататын өсімдік негізінен Судан және Оңтүстік Африканың бірқатар елдерінде өсіріледі. Әшірхан Зейдинов, бас агроном: — Дәнді сиырға азық болатын дақылдың бір түрі екен бұл. Негізіне келгенде келесі жылы бұдан да көп ексек деген ойымыз бар. 200-300 гектарға. биыл сынақ үшін егіп көрдік. Бақтияр Рысқұлбекұлы, ферма басшысы: — Силусқа жүгері егеміз мың гектарға. одан өнім гектарына 35-40 тоннаға дейін өнім береді. Ал бұның өнімділігі одан артық боп тұр. Қазіргі таңда бұны батыс елдерінің тәжірибесіне сай, заманауи шұқырларға төгіп, басып жатырмыз. ол біздің қысқы жем-шөп азығымыз болады
24.kz