Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округіндегі 7 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырумен Жаңа тұрмыс елді мекенінде тұрғындар есебінен 5 көшеге жарық шамдары орналастырылып, қолданылған жарық ақысы тұрғындар есебінен төленуде. «ОҚО Агро өнеркәсәптік кешені 2017-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы іске асырылатын жұмыстар туралы үш жақтама келісімдегі жоспар түзіліп бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. 2018 жылы ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін агроқұрылымдар 342 га жерге дәндік жүгері, 1053 га жерге көкөніс, 101 га жерге бақша, 1179 га жерге картоп егіліп, мол өнім жиналды. Жылыжай көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4,13 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 49,03 га құрады. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 60 бас ірі қара және «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 625 бас уақ малдар түрлендіруде. Жайылымдарды суландыру мақсатында 2 шаруақожалығы есебінен инветиция тартылып 2 құбырлы құдықтар қазылды. Ағымдағы жылы Жаңа құрылыс елді мекеніндегі Ағанай каналын механикалық тазалаудан өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мехеникалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42,0 га жер қайта айналымға қосылды. Ауылдық округте тұрмыс жағдайы төмен аз қамтамасыз етілген 2 отбасыға демеушілер есебінен екі тұрғын үйлер салынып берілді.