Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов аталмыш оқу ордасына қарасты ботаникалық бақты ғылыми және оқу базаға айналдыру бағытындағы жасалып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президент Камалбек Беркімбаев университет президенті Б.Абдрасиловке ғылыми зерттеу жұмыстары мен коммерцияландыру бағытындағы жобаларға дайындық мақсатында дайындалған көшет отырғызу және ұрық егу алаңдарында «Биология» кафедрасының білімгерлері мен оқытушыларының және Ботаникалық бақ қызметкерлері жасаған жұмыстарын баяндады. Дендрарий, сиренгарий, розарий, ақ қайың, декоративті және жеміс ағаш өсімдіктерінің коллекциялық питомниктері орнатылған бақ 20 жылдың ішінде университеттің биология, экология, география кафедраларының оқу тәжірибе ғылыми базасына айналды. Болатбек Серікбайұлы бұл алаңдарда декоративті ағаштардың көшеттері көбейтіліп, олардың түрлі табиғат жағдайларына (ауа райына) бейімділігі зерттелгенін, Түркістан облысы мен Түркістан қаласы аймағында көгалдандыруда қолдану мүмкіндіктерін қарастыру жоспарланғанын нақты айтып, тапсырмалар берді.
Е.КЕРІМБЕКОВ.