Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ОҚО Әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырдың, уәкілетті және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарының 2015 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2016 жылға қойылған міндеттері бойынша кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Отырысты ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Д.Үмбетәлиев ашып, қатысушыларға бюджет жоспарының орындалуы бойынша мәліметті айтып өтті. Облыс бойынша мемлекеттік бюджет бойынша жоспар 205 млрд. 370 млн.теңге болса, нақты түсім 240 млрд. 632 млн.теңге, орындалуы 117,2% немесе артығымен 35 млрд. 262 млн.теңге қамтамасыз етілді. 2014 жылы 220 млрд. 124 млн.теңге түскен болса, 2015 жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 109,3% құрап, 20,5 млрд.теңге артығымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: республикалық бюджет бойынша жоспар 113 млрд. 497 млн.теңге болса, нақты түсім 139 млрд. 472 млн.теңге, орындалуы 123% немесе артығымен 25 млрд. 975 млн.теңге қамтамасыз етілді. жергілікті бюджет бойынша жоспар 91 млрд. 873 млн.теңге болса, нақты түсім 101 млрд. 160 млн.теңге, орындалуы 110% немесе артығымен 9 млрд. 275 млн.теңге қамтамасыз етілді. 2014 жылы 78 млрд. 775 млн.теңге түскен болса, 2015 жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 128,4% құрап, 22,4 млрд.теңге артығымен қамтамасыз етілді. 2015 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2 млрд. 107 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде:импорт —1 млрд. 231 млн. АҚШ доллары,экспорт – 876 млн. АҚШ доллары.2015 жылы өндірістегі 1132 қылмыстық істің 618-і немесе 54,6% аяқталды. Сотқа 219 немесе 35,4% жолданды.Өндірістегі істердің 229-ы немесе 20,2% жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша. Отырыстың барысында, облыс Әкімінің орынбасары Департаменттің бірқатар мамандарын облыстың экономикасы және әлеуметтік саласын дамытуға үлес қосып, қаржы саласындағы жемісті еңбек еткені, облыстың дамуына айрықша еңбек сіңіргені үшін Оңтүстік Қазақстан облысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті