Halyk Bank клиенттеріне 5% бонус береді
Halyk Bank бүгіннен өзінің клиенттері үшін жыл соңына дейін әрекет ететін бірегей ұсыныс әзірледі. Енді кез келген төлем үшін 5 пайыз көлемінде бонусқа ие болып, оны да төлем құралы ретінде пайдалу мүмкіндігі туып отыр. Толығырақ төмендегі материалда айтылады.
БОНУСТАРДЫ ЖИНАҚТАУ ОП-ОҢАЙ. ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Тәуліктің кез келген уағында Halyk Bank-тің мобайл қосымшасы – Halyk Homebank арқылы жасаған кез келген төлем (ұялы байланыс бірлігін толтыру, коммунал қызметтерін, салық, айыппұл және тағы басқаны төлеу) үшін 5% бонус беріледі. Бұл – бонус алудың бірінші жолы.
Бонус алудың екінші жолы мынадай: кез келген затты Halyk Bank картасымен немесе картасыз, Apple Pay, Homebank Pay немесе Samsung Pay байланыссыз төлем қызметі арқылы Halyk Bank-тің Pos-терминалы көмегімен төлесеңіз, жұмсаған сомаңыздың 5% бонус ретінде қайтарылады. Оған қоса, банктің QR-кодымен жасалған төлемге де осындай бонус беріледі.
ЖИНАҚТАҒАН БОНУСТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ?
Halyk Bank-тің мобайл қосымшасы – Halyk Homebank арқылы кез келген төлем жасарда бонусты жұмсасаңыз болады.
Halyk Bank-тің Pos-терминалы орналасқан кез келген дүкенде бонус арқылы есептесуге мүмкіндік бар. Банктың пластик картасын жаныңызда алып жүруді ұмытпаңыз.
БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ БОНУС АЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ЖҰМСАҢЫЗ!
Ал егер Halyk Bank-тің клиенті болмасаңыз, сізде банктің картасы және мобильді қосымшасы болмаса, онда бонустарды алу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Halyk Homebank қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз. Ары қарай басты беттегі «Карталар», кейін Halyk Bonus Digital бөліміне өтіп Цифрлы картаны бір минутта ашыңыз. Сіздің жаңа ғана ашқан цифрлы карта шотын өзге банк картасынан ақшаны аудару арқылы, Kassa24 және QIWI банкоматтары мен төлем терминалдары арқылы картаны толтырып, қызметтер үшін төлеп бонус алыңыз.
Пластик карта қажет болса Halyk Homebank қосымшасында үйіңізге дейін жеткізу қызметін пайдаланып картаға тапсырыс беріңіз. Шотты картасыз да, картамен де қолдануға болады.
АЙ САЙЫНҒЫ ШЫҒЫНЫҢЫЗДАН ПАЙДА КӨРІҢІЗ!